Үрпеков Шәмші
Үрпеков Шәмші 1922 жылы 9-ші ауылда туған. 1942 жылы Арыс стансасында істеп жүргенде әскерге алынған. Алғашқыда телеграфты кабельдік байланыс жүйесінде, одан 1943 жылы миномент ротасына ауысады да, одан Танк частысында механик жүргізушісі болады. 1-2 Украйна майданында соғысқан. Прагадан 15 шақырым жерде 1945 жылдың 13 мамырына дейін соғысқан. Бұлар соғыстың біткенін 4 күннен соң естіген Калиниградта одан Свердловтағы 75 танк училишесінде механик жүргізуші нұсқаушы болып елге 1948 жылы келген. Қызылжар стансасында слесарь, одан вагон байқаушысы, 1953 жылдан зейнеткерлікке шыққанша вагон мастері болған.