Ықылас Дүкенұлы
(1843 жыл, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы – 1916 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Шу өзеннің бойы, бұрынғы «Сарысу» кеңшарының батысына қарай 30 км Қуарал деген жерде) – қазақтың атақты күйші қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері.
Ықыластың тырнақалды туындылары «Қасқар», «Ықылас» деп аталады. Оның «Кертолғау», «Ерден», «Жалғызаяқ», «Жарым патша», «Жезкиік» сияқты күйлерінде өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық әлеуметтік көріністері бейнеленсе, «Қамбар - Назым», «Айрауық», «Қазан» сияқты күйлеріне ел арасына кеңінен тараған аңыз әңгімелер, қиял ғажайып оқиғалар арқау болған.