Ысқақов Сатан Нұрғожаұлы

Ысқақов Сатан Нұрғожаұлы

(1928-1999), шопан, Социалистік еңбек ері (1975), ҚазКСР еңбек сіңірген қызметкері (1970). Ұлы Отан соғысы жылдарында ФЗО мектебін бітіріп, Жезқазған мен Қарағандының кен шахталарында жүмыс істеді. 1946 жылы туған жері Түгіскенге оралып, Коммунар ұжымшарында әр түрлі жұмыстарда, 1948-1966 жылдары қой фермасында көмекші шопан болып еңбек етеді. Мол тәжірибе жинақтап, мал бағудың үлкен бір мектебінен өтті. 1966 жылы ез апдына дербес отар алып, аға шопан атанады. Бағымындағы қылшық жүнді қазақы қойдың әр жүз саулығынан 1970 жылы 140-тан, ал 1975 жылы 150-ден қозы алды. 8-сайланған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 2 мәрте Ленин орденімен марапатталған. Сатан Нұрғожаұлы Ысқақовтың есімі ҚазКСР-нін Алтын құрмет кітабына жазылды (1976). Ақын Ж. Қашқынов «Биіктік» атты дастан арнаған.