ЖАЙЛЫБАЙ Ғалым

ЖАЙЛЫБАЙ Ғалым 1958 жылы Жаңаарқа ауданы «Жеңіс» совхозында туған. Еңбек жолын шопан болып бастаған. «Жаңаарқа», «Жезқазған туы» газеттерінде қызмет атқарған. Жоғары партия мектебін бітірген. Содан Алматыға тұрақтап, сонда қызмет істейді.

Ғалым – қазіргі қазақ поэзиясындағы өзіндік өрнегі бар, талантты тұлғалардың бірі. Жыр мүшайраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Оның жырлары орнықты ойымен, сұлу сазымен, қарапайым да табиғилығымен, ерекшеленеді.

«Жанымның жапырақтары», «Жалын» баспасы, 1988ж., «Жүрегімнің жұлдызы» «Шартарап» баспасы, 1996 ж. өлең кітаптары жарық көрген.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының пленум мүшесі.

 

Кітаптары: 

1. Жайлыбай   Ғалым. Тағдырымның тамыры: Мақалалар мен сұхбаттар. – Астана: Фолиант, 2008. – 248 бет.

2. Жайлыбай Ғ. Таңдамалы. – Астана: Фолиант, 2014. Т.3. Эссе, ой- толғамдар, сұхбаттар және өлеңдер. – 336 б.

3. Жайлыбай Ғ. Ардакүрең. Өлеңдер. - Алматы: "Қайнар" баспасы, 2008. - 288 бет

4.Yanki. Jaylibay, Galim 1.Baski, 246 s., 13,5х21,5 Mayis 2018, Ankara

5. Жайлыбай Г. Черноглазый лик – Алматы. Стихи/ Пер. с каз. – «Ырыс», 2018. – 174 стр

6. Жайлыбай Ғ. Ай сынығы. Өлеңдер, поэмалар/ Ғалым Жайлыбай.- Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2020-168 бет.

7. Жайлыбай Ғалым. Жаратқанның жазуы / Жайлыбай Ғ. – Алматы, - «Алматы - Болашақ» АҚ, 2022. – 344 б.

8. Жайлыбай Ғ. Ай таңбалы арғымақ. Өлеңдер мен поэмалар. – Нұр-сұлтан: «Кәусар» баспасы, 2020. – 392б.