Жампейісов Әбдікамал
Жампейісов Әбдікамал 1907 жылы 3-ші ауылда туған. 1941 жылы соғысқа кірген бетте қоршауда қалып немістердің тұтқынына түседі.Ахметов Жұмажан екеуі Түркістан легионында болады. Сонда олар немістер жеңілгенде американдықтардың тұтқынына түседі. Жұмажан жау тұтқынына түскендерді Сталин қатты жазалайды дегеннен қорқып сол жақта қалып қояды да, Әбдікәмал ел жаққа өтеді. 1946 жылы келіп, колхозда, одан совхозда еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады. 1987 жылы қайтыс болды.