Жарылғапов Ғазым

Жарылғапов Ғазым – 1942ж. Жаңаарқа ауданында туған. №12 Ғ.Жарылғапов атындағы кәсіптік лицейдің директоры. ҚазКСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1981), ҚазКСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметері (1991), ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2001). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2006). Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы (1997). «ҚазКСР кәсіптік-техникалық білімнің озаты», «Дене шынықтыру және спорт ісінің озық қызметкері» (1978), «ҚазКСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1982) белгілерінің иегері. Қазақстан Ресей университетінің құрметті профессоры (2003). Қарағанды  облыстық Мәслихатының депутаты. Қарағанды облыстық білім беру Департаменті директорлар кеңесінің және облыстық спорт комитеті кеңесінің мүшесі. Қарағанды педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген (1979). Ұзақ жылдар бойы «жас сұңқар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Бұл мектепте күрес түрлерінен ондаған Әлем, Еуропа Азия, КСРО, Республика чемпиондары дайындалды. 5 медальмен, «Ы.Алтынсарин» белгісімен (2007), Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін «Спорт» белгілерімен (1986, 2002) марапатталған. 2006ж.  қажылық сапармен Меккеде болған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазақ,2009.-235 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-490 бет.