Жұмабеков Ыдырыс

(1926 – 2008) – Жаңаарқа ауданының 8 – ауылында туған. Социалистік Еңбек Ері. Мамандығы зоотехник, Ақмола зооветтехникумын (1963) және ауыл шаруашылығы институтын (1976) бітірген. Соғыс және еңбек ардагерлері аудандық кеңесінің төрағсы, ҚазКСР жоғарғы кеңесінің депутаты, ҚОКП 23 – съезінің депутаты.2 мәрте Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.