Жұмабекова Ләззат
Жұмабекова Ләззат Нұрланқызы – 1976 жылы Жаңаарқа ауданында туған. Еңбек жолын биші, 1993 жылдан «Балдәурен» халықтық би тобының жетекшісі болып бастаған. Жезқазған балет студиясын және Қарағандыдағы экономика және заң колледжінің «Құқықтану» факультетін және Болашақ Академиясының «Мәдениеттану», «Заң» факультеттерінің түлегі. Алматы қаласында өткен «Айгөлек» телевизиялық байқауының лауреаты. «Үздік хореограф» атағына ие болған. Облыстық мәдениет Департаментінің «Жыл хореогрофы» дипломының иегері, облыс әкімінің «Алтын қобыз», «Жыл хореогрофы» номинациясының иегері. Мәдени сауық орталығының көркемдік жетекшісі. Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» белгісімен құрметтелген.