Жүнісов Бақтияр

Жүнісов Бақтияр Сапарұлы -1955ж. Жаңаарқа ауданында туған. «ҚР құрметті спорт қайраткері». Самбо және қазақ күресінен спорт шебері. Алматы қаласындағы дене тәрбиесі және спорт институтын бітірген (1976). №178 кәсіптік –техникалық училищесінің спорт нұсқаушысы (1976 -78), «Жас сұңқар» спорт мектебінің дзю – до күресінің бапкері (1978 – 87), Жаңаарқа аудандық ДОСА – АФ комитетінің төрағасы (1987 -97) қызметтерін атқарған. 2003 жылдан бастап Астана қаласындағы «Жас батыр» спорт кешенінің бастығы. «құрмет белгісі» орденімен марапатталған.