Жүсіпбеков Қантай

Жүсіпбеков Қантай 1914 жылы 2-ші ауылда туған. 1936 жылы алматыдағы зоовет институтына түсіп,1941 жылы бітіріп шығады . Оны Ақмола совхоздар тресіне бас зоотехник қылып жіберді. Соғыс басталған жылы Есіл ауданындағы Шолақ сандық қой совхозына бас зоотехник қылып жіберді. 1942 жылы мамыр айында әскерге алынды. Башқұртыстанда 3-айлық командирлер даярлайтын курсты бітірген соң Сталинград майданына жіберді. 41 гвардия полкы Сталинградты Дон жағынан қоршауға алынады. Дон өзенінен өтерде Романовка деген селода Қантай сол жақ аяғынан жараланады. Дала госпиталінде 4-кун емделіп қайта соғысқа кіреді 7 күннен соң сол қолының кәрі жілігіне оқ тиеді. Тамбовқа, одан Қазан, одан Омбыға әкеледі 8 ай жатып емделеді. Қолын кеспек болады. Оған келісім бермейді 1943 жылдың қыркүйек айында мүгедек болып елге оралады. Келісімен аудандық партия комитетіне бірінші хатшы Сартай Қожахметов Қантайды тораптық теміржол партком етіп жіберді. Қантай 1995 жылы қайтыс болған.