«Қазақ прозасының пырағы Төлен Әбдік»

31.10.2023

Түгіскен ауылдық кітапханасында 31 қазан күні «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалған 2023 жылы қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, Төлен Әбдікке арналған кітапхананың жас оқырмандары арасында  «Қазақ прозасының пырағы Төлен Әбдік» атты ақпараттық дайджест  ұйымдастырылды. Мақсаты: Мектеп оқушыларының жазушы өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын аттыру, жазушының рухани мұрасы жайлы терең зерттеуге ынталандыру. Кітапханашы жазушының өмірбаянымен, шығармашылығы жайлы айтып өтті. Көрмеге Төлен Әбдіктің «Парасат майданы», «Қонақтар» тағы басқа кітаптары қойылып қысқаша мағлұматтар берілді.