Ақтайлақ ауылы
Ақтайлақ ауылының Тәуелсіздік алған 30 жылдық тарихы
Ауыл –қазақтың алтын бесігі. Біз үшін, туған ауылдың тарихын білу қымбат қазына.
Тәуелсіздік – адамзат өркениетіндегі ғаламат жаһандық өзгерістер дәуіріндегі біздің халқымыздың мықты мемлекет құру және бақуаты өмірге жету жолындағы күресінің шежіресі деп білеміз.
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде Ақтайлақ ауылы Бидайық округіна қарайды. Қалжанов Бағдат деген ағамыз директоры болып ауылды басқарып, өркендетіп, ауылымыздың азаматтарына қолдау көрсетіп өзгерістер мен экономикасын дамытты.
1991-1994 жылдың аралығында мәдениет үйі, кітапхана балабақша жабылды.
1994 жылдан бастап совхоз орнына ақтайлақ ауылы болды. Совхоз уағынан қалған қара малы, жылқы малы, техникалар ауыл тұрғындарына бөліп береді содан кейін жекешелену басталып 8 шаруа қожалығы құрылды, олар мал шаруашылығы мен шөп, картоп өндірумен айналысты.
Мал басы: Ірі қара – 500 бас, ұсақ мал – 450 бас, жылқы – 50 бас, шошқа – 12 бас. Халық саны – 350 адам
Ақтайлақ ауылында бір тоғыз жылдық мектеп, емхана, почта, істеп тұрды.
1995-1998 жылдары Исин Ерлік Байболұлы Бидайық округіна қарасты Ақтайлақ ауылына әкім болып тағайындалып еңбек етеді . 1998 жылдары ауыл тұрғындарында тұрмыстық жағдайлары төмендеп жұмыссыз қалған адамдар жан жаққа көшеді. ауылымыз құлдырыққа кетпес үшін әкім ат салысып халықтың жағдайын көтере бастайды, әр отбасы көкөніс ,картоп өсірумен айналысып 2001 жылға дейін тұрмысы көтеріледі
Тәуелсіздік алғандағы 10 жылдағы жағдай, 1991- 2001 жылға дейін кезең.
1998-2003 жылға дейін ауыл әкімі Қалжанов Бағдат еңбек етеді.
2003-2005 жылдары Алхамин Ибрагим Ермекович ауыл әкімі болып қызмет атқарды.
2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығының мал басы көбейіп, шаруа қожалықтары мен жеке меншік иелері тендерға қатысып ет өнімдерін, сүт өнімдерін, картоп, нан пісірумен айналысып Жаңаарқа ауданының балабақша, больницаға жеткізіліп отырды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдықтың жағымды жаңалықтары.
2005-2018 жылдары ауыл әкімі болып Баязитов Сарсенбек Амангельдинович ауылды басқарып еңбек етті.
Еліміздің жағдайы жақсарып, экономикасы жылдан жылға көтеріле бастады.
Заманауи жүйесі мен орта тапты қалыптасуы, тіршілік сапасын жақсартылғаны,елдің тендестірілгені жауапкершілікке толы екенің дәлелденді.
2005 жылы Ақтайлақ ауылының мектеп директоры Алпысбаева Күләш Тайкеновна жыл еңбек еткен. Елбасымыздың қолдауымен 2000 жылдан бастап «Мәдениетті қолдау жылы» деп атаған осыған орай ауылымыздың мәдениеті мен білімін кеңейте отырып, мектеп директоры Күләш Тайкеновна кітапхана ашуға ұсыныс жасап өзінің жеке меншік ғимаратын береді. Ауыл әкімнің қолдауымен және тілдер бөлімінің бастығы Светлана Назымбековна қол қойып бекітеді кітапханаға мебель жабдықтарын құрып кітап қоры енгізіледі, және осы жылдан бастап мерзімді басылымдар ай сайын келіп отыр.
2018 жылы Ауыз су мәселесі шешіліп, көшелерге жарық шамдары орнатылды, балалар ойын алаңы жасалды, жеке меншік дүкендер, мини маркет қазіргі таңда халыққа қызмет атқарып жатыр.
2002- 2019 жылы Саганаев Айдос ақтайлақ ауылына бас имам қызметін атқарды.
2018 жылы мұқтаждар мен мүмкіндіктері шектеулі жандарға көмек көрсетті. Көптің игілігіне жаңадан мешіт көтеру үшін «Ақтайлақ Ізгілік -2018» қоғамдық қорының төрағасы қызметін атқаруда осы орайда Ауыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
2018 жылдан бастап мешіт құрылысы басталып, 2020 жылы Ақтайлақ ауылында мешіт ашылды, қазіргі таңда азан шақырылып, намаз оқылуда балаларды мейірімділік пен ізгілікке дәріптеу.
Тәуелсіздіктің 30 жылдықтың жағымды жаңалықтары.
Мал басы: Ірі қара-1500 бас, ұсақ мал-1400 бас, жылқы- 400 бас, шошқа-25 бас. Ақтайлақ ауылында 11 шаруа қожалығы бар.
Халық саны 430
2018-2021 жылдары ауыл әкімі Жамауов Нұржан Кәдірбаевич басқарып қызметін атқарып отыр.
2002- 2019 жылы Саганаев Айдос ақтайлақ ауылына бас имам қызметін атқарды.
2018 жылы мұқтаждар мен мүмкіндіктері шектеулі жандарға көмек көрсетті. Көптің игілігіне жаңадан мешіт көтеру үшін «Ақтайлақ Ізгілік -2018» қоғамдық қорының төрағасы қызметін атқаруда осы орайда Ауыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
2018 жылдан бастап мешіт құрылысы басталып, 2020 жылы Ақтайлақ ауылында мешіт ашылды, қазіргі таңда азан шақырылып, намаз оқылуда балаларды мейірімділік пен ізгілікке дәріптеу.
2021 жылы балаларды діни сауаттылыққа, имандылық пен адами қасиеттерге тәрбиелейтін медресе салынуда, жыл сонында ашылуы жоспарлануда.
2021 жылы ауылымыздың денсаулығы үшін емхана күрделі құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда халыққа қызмет атқарылып жатыр.
Ауыл қазақтың алтын бесігі. Біз үшін туған ауылдың ұлтаралықтай жерінің өзі қымбат қазына.
Еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауылымыз көркейіп, гүлденеді деп сенеміз. Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында.Келешекте үлкен ауылым сәулетті асқан, дәулеті тасыған берекелі мекен боларына сенеміз.