Ақтүбек ауылы
Туған жер –ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел дегенде екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші. Ақтүбек ауылының құрамына Атасу, Өркендеу, Манадыр, Сарысу бөлімшелері кіреді. 1833 халқы, 182197га жері, 48 шаруа қожалығы бар.
Ауылымыздың атауына байланысты аңыз-әңгімелерді жиі кездестіруге болады. Мысалы ертеректе Ақтүбекте ұзын-ұзын шилер өседі екен, тіпті арасында жүрген адамдан көрінбейтін болған екен. Сол шилер құрып кетіп, орнына аппақ түбек қана қалған екен. Содан бастап «Ақтүбек» аталыпты.
Ақтүбек жерінің табиғаты кез-келген жанның көзін тойдырады. Мұндағы әр тау-тастың өзіндік атауы, тарихы бар. Осы ауылдың іргесінде Бәйеш тауында тыныстап жатқан Бәйеш батыр бабаның ізгі жолынан бастау алған. Әкесі Есенгелді батыр жау қолынан қаза тапқан. 14 жасар Бәйеш батыр әке ерлігін жалғастырады. Сарысу бойынан өтіп өз жасақтарымен бірге Шу, Сыр бойындағы батырларға қосылып жауға аттанады. Көнекөз қариялардың жыл санап айтуы бойынша Бәйеш батыр 1700 жылдың ортасы 1800 жылдың басында өмір сүріп,жаумен шайқасқан.Бәйеш батыр Қоқан хандығының үстемдігіне қарсы көтеріліске қатысты деуге болады. ХІХғ 20-шы жылдарында Қоқанның Мөделі ханы кезінде онын белгіленді 150000 қазақ отбасы болған, билігін күшейту үшін Сарысу өзені бойына Төртқұлақ, Ұлытау жерлеріне өзі бекініс-қорған орнатып,қазақтарға ауыр-алым салық салған.Қоқан хандығының езгесіне қарсы Сырдария, Шу, Сарысу бойындағы қазақ батырлары үнемі көтеріліс жасап отырады. Міне, осы көтерілістердің бәрінде Бәйеш батыр ауыр жарақат алады. Жау оғынан жараланып жатып өзінің қатарға қосыларынан үміт үзген батыр бабамыз өз саусағын шауып жіберіп, жауынгер достарына «Мынау саусақаманат, туған жерім апарып, мен деп жерлеңдер, бәрібір денемді жеткізе алмайсыңдар, ерліктерің мен бірліктеріңді сақтаңдар» деп өсиет айтқан екен. Батырдың саусағын елі арулап туған жеріндегі ең биік шоқыға (509м) жерлеп, басына күмбез орнатады.
Қазіргі таңда Ақтүбек ауылының әкімі Е.С. Орманов. Жас та болса бас болып ауылды көркейтуге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тыңғылықты істер атқаруда.