Алшынбаев Айдар Рысмұханбетұлы
Алшынбаев Айдар Рысмұханбетұлы – (1922-2009) –Жаңаарқа жеріндегі Ақтау болысының 4-ші ауылында туған. Жас шағында кәмпескеден қаймыққан әке –шешесімен және жақын туыстарымен бірге Қытай асып кеткен. Құлжа қаласында ұлттық гимназияны бітірген (1941). Құлжа облысының Күләш деген ауданында, кейіннен Тибетпен шектесетін қазақ ауданында мұғалім болады. Шығыс Түркістандағы азаттық армиясы қолбасшысының далалық іс жүргізуші хатшы орынбасары қызметін атқарады. 1950ж. Шығыс Түркістан үкіметі тарап, Қытайға толық бағынған кезде, әскери қызметін тоқтатып, Сүмбе шекарасындағы кеден бастығы, 1952 жылдан Құлжадағы кеден бастығы қызметін атқарады. Кеңес үкіметінің консулына арызданып, туған еліне қайтуға рұқсат алады. 1958ж. Алматыдағы Кеген ауданына, 1963ж. Жаңаарқа ауданына көшіп келеді. Ауданның тұтынушылар одағында жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығады. Елге сыйлы, қадырменді қария болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-87 бет.