"Бір ел - бір кітап 2023" акциясы

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.

Төлен Әбдік - қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы ретінде танымал.

Ол 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген. Төлен Әбдік 1965 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.

         Шығармалары 1964 жылдан бастап түрлі газет-журнал беттерінде жарияланған. Төлен Әбдіктің алғашқы шығармасы университет қабырғасында көңіліне ұнаған бойжеткенге байланысты жазылған. Замандастарының айтуынша, сол күнде жас та болса сол әңгімесі өз ортасында біраз талқыланып, жақсы бағаланған. Одан кейінгі жылдары «Көкжиек» (1969 жыл), «Күзгі жапырақ» (1971 ж.), «Ақиқат» (1974 ж.), «Айтылмаған ақиқат» (1979 ж.) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985ж.), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987 ж.), «Парасат майданы» (2002 ж.) романдары жарық көрді. Сонымен қатар қаламгердің әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980 ж.,1981 ж.) деген атпен шықты. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977 ж.) қазақ тіліне аударған. «Біз үшеу едік» драмасы Ғабит Мүсірепов атындағы театрда сахналанған.

Жазушы шығармаларында тіс бата бермейтін маңызды тақырыптар – парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелер қозғайды. Модернизмнің жұрнақтары – қазақ әдебиетінде, соның ішінде Т.Әбдіктің шығармаларында қалай көрініс тапқандығы көрінеді.

Жазушыға 2002 жылы жазушыға отандық әдебиетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлығы мен алтын медалі берілді, 2004 жылы «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

2013 жылы Төлен Әбдік «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атанды. Түркияның Эскишехир қаласында өткен «Әдеби журналдар редакторларының VI құрылтайында» қазақ жазушысы Т.Әбдікке мәртебелі атақ салтанатты түрде табыс етілді. Қаламгердің шығармалары түбі бір туыс 13-тен астам елдің тілдеріне аударылып, кеңінен таралды. Сонымен қатар 2013 жылы көрнекті еңбегі үшін «Парасат», 2019 жылы ұлттық әдебиеттің дамуына қосқан үлесі бірінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

                  Баршаңызды Төлен Әбдіктің шығармаларын бірге оқуға шақырамыз!

         Сонымен қатар, назарларыңызға кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарын ұсынамыз.

 

Әбдікұлы Т.  Парасат майданы [Мәтін] : таңдамалы / Т. Әбдікұлы. – Алматы : «Раритет», 2012. – 616 б.

«Парасат майданы» хикаятнамасын замандастары басындағы күйзелістерді зерделейтін оқырмандарына табыстады. Жазушының шығармаларында негізінен тіршілік ағысының тереңіне, құпиясына үңілу, өмір шандығын философиялық тұрғыдан пайымдау басым. Адам тағдыры қоғам бейнесінің  айнасы іспетті. Кейіпкердің күйзелісі тек психологиялық құбылыс ретінде ғана емес, замана болмасының бет бейнесін анықтайтын рухани өлшем ретінде қарастырылады.

Автор «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ПЕН-клуб сыйлығының лауреаты және Франц Кафка атындағы Еуропалық алтын медальдың иегері атанды.

 

 

 

Әбдікұлы Т. Оң қол [Мәтін] : повесттер мен әңгімелер /Төлен Әбдікұлы. – Алматы: Атамұра, 2002. – 352 б.

Қараңыз, қызық дүние байқайсыз. Ол автордың үш шығармадағы алған кейіпкерлері типтік бір ғана образды беріп тұр. «Оң қол» - Алма қыздың санасының ауруға шалдығуы. Автор Алманың бұл өмірде не үшін өзіне қол жұмсағысы келетінін жұмбақ қалдырады.  Тұлғаның екіге жарылуының алғашқы деңгейі басталады.

 

 

 

 

 

Әбдікұлы Т. Әке [Мәтін] : повесттер мен «Әке» әңгімелер / Төлен Әбдікұлы. Алматы: Қайнар, 2006.- 384 б.

Көркем туындылардағы марқұмды аттандыру, азалау шараларының ұлттық ұғымға сай өрнектерін Т. Әбдіков сынды қаламгерлер кеңестік әдебиет тұсында да жан-жақты көрсете білген. Науқас адамның көңілін сұрау өмірге үміттендіріп, көңілін аулаудан бастап, жерлеуге дейінгі аралықтағы дәстүрлі рәсімдер жүйесін қаламгерлік шеберлікпен қиюластырған

Т. Әбдіковтің «Әке» повесі. Шығармадағы әке жайлы толғаныстар перзент ой-көзқарасымен беріледі.

 

 

 

 

Әбдікұлы Т. Ақиқат [Мәтін] : повесттер мен әңгімелер / Төлен Әбдікұлы. – Алматы: «Жазушы», 1974. – 184 б

Төлен Әбдікұлының «Ақиқат» хикаятындағы кейіпкер тұ­жы­рымы. Егер тереңірек ойлансақ, кейіп­кер тұжырымы ғана емес, біз «өмір заңдылығы» деп атайтын тір­ші­ліктің тынымсыз тынысы да осы тәріз­ді. Бәрімізді де өмір  сүруге құлшындыратын,алға ұмтылдыратын, алыс­т­ан менмұндалап шақырар әлдебір мұ­ратқа жетелейтін – сол көкейімізді тескен, көкірегімізге орныққан, өзіміз «арман», «үміт», «мақсат» деп алуан түрлі ат қойған тілек пен әрекет.