"Бір ел - бір кітап 2024 " акциясы

               Балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл

Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға ұсынылды.

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

 

Б.Соқпақбаевтың өмір жолы

 

Соқпақбаев. Б

Балалалық шаққа саяхат: повесть / Бердібек Соқпақбаев

Құрастырған: Ерсінбай Манашов. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2014 – 328б.

Қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі шығармаларының қатарында балалық шақтың балауса күндерін бүгінгідей көз алдыңа әкелер тұғыры биік туынды - «Балалық шаққа саяхат» повесінің орны ерекше. Автор бұл кітаптың әр тарауында заманының қаталдыққа толы қиын күндерін қиыстырып суреттеген. Кейіпкер образдарын аса үлкен шеберлікпен кестелегені соншалық - оқып отырып кейіпкердің көңілді кейпіне еніп күлесің, жалынышты жүзіне еніп жылайсың. Кітаптың әр парағын оқып танысқан сайын автордың балалық әлеміне сапар шеккендей боласың. Повесть өз тақырыбын, мазмұнын жеткілікті деңгейде аша білген. Ең бастысы, сахарада сайрандаған қазақ баласының сыпайы да сотқар қылық, сынық мінезін дәл мүсіндеген. Кітап барша оқырманға арналады.

 

 

 

Соқпақбаев Б.

 Менің атым Қожа. Повестер. Алматы: «Атамұра» 2003 .-  304 б.

SBN 9965-05-889-Х

 Жазушының бұл повесі жазылғаннан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, өзінің ғажабын жоғалтпай келеді. Жыл сайын бесінші сыныпқа баратын жаңа ұрпақ Қожамен құрдас болып, оның сырласына айналып отырады. Шығармамен енді танысқан кез келген бала Қожаның басынан өткен хикаяларды қызыға оқып, онымен бірге қуанып, онымен бірге күліп, арасында онымен бірге мұңаяды. Сондай-ақ, қайталап оқыған адам да құтты бір бірінші рет оқып отырғандай әсерленіп, жадырап күліп, балаша мәз болады.

 Кітап балаларға және балалық шағын есіне түсіргісі келетін ересектерге арналады.

 

 

Соқпақбаев Б.

Он алты жасар чемпион : повесть / Б. Соқпақбаев ... – Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1951. - 98, [1] б., суретті ; - Хамит Ерғалиев қоры. - Шора Сарыбаев қоры. - Автор қолтаңбасымен . . – 20000 дана.