Әділов Бейсейіт
Әділов Бейсейіт (1887-1928) – Қазақстандағы Кеңес үкіметін құруға белсене қатысушы. Омбы семинариясында оқыған. 1913ж. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» ұйымын ұйымдастырушылардың бірі. 1917ж. Ақмолада С.Сейфуллинмен және басқа да қазақ зиялыларымен бірге «Жас қазақ» ұйымын құруға, «Тіршілік» газетін шығаруға атсалысады. Ақмолада Совдеп құрылғанда, оның мүшесі ретінде уездік милиция бастығы қызметін атқарады. Совдеп құлап, басшылары тұтқындалғанда түрмеге қамалады. 1919ж. Ақмолада кеңес билігі қайта орнағанда ревком төрағасы, губерниялық милиция бастығы (1922) болып істейді. 1922ж. қыркүйек айында тама - тарақты руларының халқына зорлық – зомбылық көрсеткен, ел «қараноғай» деп атап кеткен Ақмола совдепінің мүшесі Әубәкіров Ғалым мен милиция бастығы Жолдасбеков Шаланы тұтқындап, өлтірткен. Осы оқиғадан кейін қайта – қайта айыпталып, 1928ж. желтоқсанда ОГПУ жасағының тұтқындамақ болған әрекетіне қарсылық көрсетіп, қаза тапты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазақ,2009.-119 бет.
2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-486 бет.