«Салт-дәстүр – өмір қағидасы»

Нұсқаулық

Сұрақ №1

Дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы беру салты, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіру салты?

Сұрақ №2

Бұл той қазақ халқы арасында Ислам діні тарағаннан кейін қалыптасқан. Шариғат заңы бойынша ұл баланы бес жас немесе жеті жаста жасалатын ғұрып. Халықтың түсінігі бойынша бұл салт бала ер жетіп, азамат болды дегенді білдіреді.

Сұрақ №3

Баланың жаңадан балдыр-бұлдыр тілі шыға бастағанда ауыл ақсақалдары тілінен май тамған шешен, шежіреші, көш басы көсем болсын деп батасын беріп, баланың тілін шытпен созып аузына түкіріп жолын алу салты

Сұрақ №4

Қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі

Сұрақ №5

Жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесу салты.

Сұрақ №6

Туыс, ілік, жұрағат адамдардаң қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал. Салт түрі қалай аталады.

Сұрақ №7

Қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып жасайтын жиын түрі.

Сұрақ №8

Жаңа туған нәрестеге арнап тігілген қырқынан шыққанша киетін ғұрыптық көйлек

Сұрақ №9

Ауыл-үйдің қарттары жол жүрерде, сөйтіп жастар жағы бірыңғай болып ауылда қаларда немесе жас бала тұңғыш рет атқа мінерде немесе алыс сапардан келгенде жасалатын ғұрып

Сұрақ №10

Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға беруін қалай айтады.