Абикаев Білгелді

Абикаев Білгелді 1934 жылы Жаңаарқа ауданының топырағында дүниеге келген. Ер жеткен соң туған жеріндегі колхоз жұмысына араласып, еңбек жолын ерте бастаған. Уақыт өте келе тракторист мамандығын меңгеріп, ауыл шаруашылығында белсенді қызмет еткен. Тіршіліктің әр саласында – бригадир, механизатор сынды жауапты міндеттерді атқарып, ел игілігі үшін аянбай еңбек етті.

Өмірлік жары Гүлбағдат ерте қайтыс болған. Ол кісі он бала тәрбиелеп өсірген, ардақты да батыр ана ретінде есімі ел есінде. Қазіргі таңда Білгелді ақсақал ұлы Еркеш пен келіні Мақпалдың қолында, немере-шөберелерінің қызығын көріп отырған қадірменді қария.

Бүгінде 91 жасқа келген тыл ардагері – елге сіңірген еңбегімен, адалдығымен, қарапайым еңбектің абыройын асқақтатқан ардақты жан.