Айдарова Несіп

Айдарова Несіп 1934 жылы 15 қыркүйекте Қарағанды облысында дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп, ерте жастан тағдырдың ауыр тауқыметін көрген. Әкесі Ұлы Отан соғысында қаза тауып, анасы кейін Нұра ауданында дүниеден өтеді.

Жас кезінен еңбекке араласып, 7–8 жасында ауыл шаруашылығы жұмыстарына жегілген. Ересек шағында мектепте еден жуушы болып жұмыс істеп, қарапайым еңбегімен елге қызмет еткен.

1956 жылы тұрмыс құрып, жолдасы Айдаров Қапышпен бірге шаңырақ көтерген. Жолдасы 1974 жылы өмірден озған. 1969 жылы Жаңаарқа ауданына қарасты қазіргі Түгіскен ауылына көшіп келіп, содан бері осы өңірде өмір сүріп келеді.

Несіп апа өмірінде сегіз бала дүниеге әкеліп, соның төртеуін ер жеткізіп, ел қатарына қосқан. Қалған төртеуі түрлі себеппен өмірден өткен. Қазіргі таңда 91 жаста, ұлы Қанаттың қолында тұрып жатыр.

Айдарова Несіп – соғыс қиындығын бастан өткерген, еңбекпен есейген, көп балалы ана.