Бекмағанбетова Шакен

Бекмағанбетова Шакен 1932 жылы қаңтар айының 11-ші жұлдызында дүниеге келген. Келтетал деген жерде, қазіргі Өркендеу елді мекенінің жерінде. 1948  жылы 1930  жылы туылған  Бекмағанбетов Бодыққа тұрмысқа шығып, жол бойының казармасында тұрған, жолдасы жол бойында істеген. 12 бала дүниеге әкелген, қазіргі таңда 9-ы бар. Өмір жолын 1954 жылы Атасу колхозында малшы көмекшісі етіп бастаған. 1963 жылы Атасу отделениесінде заправшица болған. 1966  жылы Атасу бөлімшесінің прачечный бөліміне ауысты. 1968 жылы малый қызметіне ауысты. 1971 жылы әртүрлі жұмыстарға ауысқан. 1972 жылы Атасу отделениесінде малшы болды.

1972 жылы Қарағанды гидрогеологиялық партиясының скважина өлшейтін жұмысына ауысқан.

1992 жылы Қазақстан Республикасының зейнеткерлігіне шыққан.

1972 жылы 30 мартта  Материнская слава 3 степенмен марапатталған. Медаль Материнства ІІ степенімен марапатталған.

 1967 жылы 27 декабрьде медаль Материнства І степенімен марапатталған.

1979 жылы 29 декабрьде Материнская слава ІІ степенімен марапатталған.

 2002 жылы 5 наурызда «Күміс Алқасымен» марапатталған. 2004 жылы 14 қыркүйекте Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл медалімен марапатталған.

  2010 жылы қарашаның 29-да «Алтын Алқа» алқасымен наградталған.

 2010 жылы 28 сәуірде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл мерекелік медалімен  наградталған.

 2015 жылы 2 сәуірде Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл мерекелік медалімен наградталған.