Есжанов Сейфулла

Есжанов Сейфулла (Сейпен) - 1936 ж. 1 қаңтарда дүниеге келген. Мектептегі тиісті арнаулы орта білім алганнан кейін, бухгалтерлік техникум бітіріп, жоғары оку орнын зоотехниктік мамандық бойынша бітірген. Жастайынан ауылшаруашылық жұмыстарына араласып, кейін арнайы мамандық алғаннан бастап Атасу колхозында есепшілік қызметті атқарады. Ұйымдастырушылық қарым-қабілеті мен ауылшаруашылық жұмыстарын жаксы білетіндігімен ерекшеленіп, бұрынғы «Дружба» совхозының «Атасу» бөлімшесіне меңгеруші болып тағайындалады. Бөлімшелердің шаруашылық көрсеткіштерін жақсартуда толымды табыстарымен көрініп, комсомол, партия, кәсіподақ тараптарынан алғыс, мадақтау, марапаттар жасалады. 1971 жылы Ақтүбек бөлімшесінің негізінде «КПСС-тің ХХV съезі атындағы» совхоз құрылғанда, С.Есжанов Кеңес үкіметі тарағанға дейін «Актубек» бөлімшесінің меңгерушісі болып еселі еңбек етті.

Қазіргі кезенде еңбек демалысында болсада, ауылдың мәдениетін көтеруге араласып келеді. Ақтүбек селолық округінде «Ақсақалдар алқасы» төрағасы болыпта ізгі шараларға білгені мен көргені тұрғысынан үлес қосып жүр. Әке жолын ұстап, дін жолында да үлгі-өнеге көрсете білді. Оның имандылық, дінге деген тазалық жөніндегі мақалалары Республикалық басылымдар да жарық көрген. Сейфолланың зайыбы Ақтүбек жерінің байырғы тумасы, белгілі Бисары баласы Тасубайдын кызы Нәзкен (Нәзен) 1939 ж. 13 наурызда туған. Бұрынғы «Дружба», «КПСС-тің ХХѴ съезі» атындағы совхоздарда дизенфектор болып еңбек етіп, еңбек демалысына шыққан.

Сейпен мен Нәзеннің отбасынан Мылтықбай, Ауданбай, Бақтыбай, Бақтыгүл, Манаркүл, Ақарыс есімді алты бала дүниеге келген. Бәрі де азамат болып, ұлдары ұяға, қыздары қияға қонған.