Молдашева Күлпәрәш

  Ұлытау  облысы Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылының тұрғыны, тыл ардагері Молдашева Күлпәрәш – 1934 жылы Нұра ауданында  қаңтар айында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары бастауыш мектепті бітірген Күлпәрәш әже үлкендерге көмектесіп тылда еңбек еткен. Масақ теріп, қозы баққан.  1954 жылы Молдашев Жасен деген азаматқа тұрмысқа шығып, Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылына қоныс аударған. Жолдасы екеуі өмір бойы мал бағып, ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан. 4 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірген. Күміс алқа иегері. Ұлы Отан соғысының 70,80 жылдығына орай медальдарымен, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

   Жолдасы – Молдашев Жасен Орал қаласының тумасы, соғыс ардагері. Соғыста ауыр жарақат алып еліне оралған. Ұлы Отан соғысының 40жылдығына орай медальмен марапатталып және ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан үшін көптеген марапаттарға ие болған. 1991 жылы қайтыс болған.