Нұрпейісов Балғабай

       Нұрпейіс қажы немересі Бекмұхаммет баласы 1929жылы қазан айының 25 күні Ақмола қаласында туылған. Сол қаланың мектебінде 1937 жылы 1 сыныпқа оқуға барды. 1941 жылы соғыс басталған жылы  5 сыныпқа оқуға барды. 1943 жылдан бастап мектеп балаларын жинап колхоздарға жұмысқа апарды. 1943 жылы алғаш «Оразак» колхозына бардық, қандай жұмыс жаса десе соны жасадық, егін піскен соң егін орысқан. «Оразак» колхозынан кейін Жаңа – Бірлік, Жаңа –жол қолхозында жұмыс атқарған, кейін әкесі қайтыс болғаннан соң 8- сыныпта оқуды тастап кетеді. 1948 жылы «Жеңіс совхозында» темір жолға жұмысқа тұрған. 1950 жылы әсерге барып, 1954 жылы әскерден келген. 1955 жылдан – 1989 жылға дейін қайта теміржолшы қызметін атқарған. 20 жыл стация басшысы қызметін атқарған. Қазыргі таңда 2 ұлы 1 қызы бар. Немере шөбере сүйіп отырған абыз ақсақал.