Рақымжанова Нағима

Рақымжанова Нағима 1930 жылы 28 наурызда Ақмола қаласы (қазіргі Астана қаласында) дүниеге келген. Әкесі Жәкіш, анасы Дәметкен бауыры Жамбыл екеуі ерте айырылып, әкесінің ағасы Әубәкір молданың қолында тәрбие алған. 9 жасынан бастап бауырын жеткізу үшін поштада жұмыс істеп хат таратып, тылда еңбек еткен.
1949 жылы Рахымжанов Ахметжан мен отбасын құрып, 11 құрсақ көтерген. Сол 11 баланың 2 баласы ерте шетінеп отағасы екеуі 9 балаларын асырап баққан.
Тұрмысқа шыққан соң ДЭУ -268 –де жол жөндеуші болып қызмет етіп, сол жерден зейнетке шыққан. Қәзіргі таңда балаларынан 42 немере 51 шөбере сүйіп отыр. Биылғы жылы 95 жасқа келді.