Рысмағанбетова Шәрбан

Шәрбан Мұхамедияқызы Рысмағанбетова 1931 жылы қазіргі Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Қазіргі таңда жасы — 91-де. О Шәрбан Мұхамедияқызы — Ұлы Жеңіс дәуірін көзімен көріп, тылда еңбек еткен, ел мәдениеті мен ағарту саласына сүбелі үлес қосқан абзал ана, өнегелі тұлға.
1955 жылы Ленин атындағы мектепті бітіріп, еңбек жолын 1964 жылы Жаңаарқа аудандық мәдениет бөлімінде билет жыртушы болып бастайды. 1966 жылдан бастап Н.К.Крупская атындағы мектепте кітапханашы әрі қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарады. Ұстаздық қызметпен қатар, ол мәдениет саласында да белсенділік танытып, аудан өміріндегі түрлі мәдени іс-шараларға атсалысқан.
Шәрбан апа – сахна өнерін жанына серік еткен талантты әртіс. Көптеген қойылымдар мен концерттік бағдарламаларға қатысып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген. Оның Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мақаласынан балалық шағындағы тылдағы ауыр еңбек, аштық пен жоқшылық кезеңдері, сондай-ақ, сол бір сұрапыл жылдардың елесі айқын көрінеді.
Ол — еңбек пен өнерді қатар ұстаған, өнегелі өмір жолымен кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық жан. Бүгінде немере-шөбере сүйіп, ел құрметіне бөленіп отырған Шәрбан Мұхамедияқызының өмірі – тұтас бір дәуірдің шежіресі іспетті.