Шубаева София

Шубаева София Дуәнбекқызы 1935 жылдың тамыз айының 8-жұлдызында дүниеге келген. Ол уақытта әрбір қазақ отбасы заманның тарлығын, ауыр тағдырдың тауқыметін сезінген уақыт. Кеңестік үкіметтің ұжымдастыру саясатының қарқын алып, Голощекиннің экономикалық режимінің қазақ даласын қырып, халқын аштықпен қылқындатқан заман еді. Сол кезеңді әрбір қазақ баласы сияқты бала София ғаламат нәубеттің зардабын сезініп өсті.

Заман енді оңала бастаған тұста адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталды. Әскер жасындағы әрбір қазақ азаматы қан майданға аттанып, отанымыздың тыныштығы үшін ауыл ақсақалдары мен абыз аналарымыз және де балалар елдің қарауына қалды. Ол ауыр күндері балалардың еңбегі өте зор болды. Бір түйір науатқа мәз болып, сыз кешіп, күннің сіңірттарлы дауылдарына шыдауға мәжбүрлікте болған барлық балалармен қатар бала София да егіс егіп, майданға қолғабыс етіп өсті, қыстың суығында шөп шапты, мая шапты, масақ терді, бидай тасып, ұн өндірді, “Тыл еңбеккері” деген мәліметке лайық еңбегі, құрметке неге бола білді.

Соғыс жылдарынан соң бейбіт заманның аяулы күндері келіп, құлазыған елімізді қайта аяғқа тұрғызу жұмыстарына үлесін қоса білді.

Анамыз Жаңаарқа ауданының «Дружба» совхозында қоғамдық тамақтандыру саласында еңбек етіп, еңбек ардагері болған. Кейіннен еңбегі еленіп, зейнеткерлік демалысына шықты.

1953 жылы өмірлік жары Шубаев Кеңшім ақсақалмен отбасын құрып, 4 қыз, 1 ер бала сүйіп, ана бақытына кенеліп, бүгінде 18 немере, 49 шөбере көрген абыз ана болды.

Жары өмірден ерте өтсе де, мойымай, балаларына ер азаматтай қамқоршы болып, оқытып, еңбекке баулып, жеткізді.

София анамыз саналы ғұмырын ел үшін еңбек етті, оның қайтпас қайсар мінезі, көрген бейнеті – бүгінгі ұрпақ алдында баға жетпес мұра. Анамыздың тағдырлы тұнған ғибрат бетіне түсіруге лайық роман іспетті.

Қиындықтағы тарихи жауапкершілікті болаттай көтере алған барлық абыз аталарымыз бен аналарымызға бүгінгі бейбіт заманда бақытты да баянды ғұмыр кешуді тілейміз.

Жинақтаушы:

Әбілханов Магауия – зейнеткер, Жаңаарқа ауданының қоғамдық кеңесінің мүшесі.