Темірбаева Түймекүл

Темірбаева Түймекүл 1910 жылы қаңтар айының 1 – жұлдызында Жамбыл облысы, Байқадам ауданы «Жайлыма» ауылында жылқышы отбасында дүниеге келген. Әкесі –Шотаяқ жылқышы, анасы Маңғаз жылқышыға көмекші болып жұмыс істеген. Отбасында 3 бала тәрбиелеген. Анасынан 3 жасында жетім қалған.

1932 жылы тұрмыс құрған. 1934 жылдан бастап, Еңбек Қызыл Ту ордені «Жеңіс» совхозында жылқыға көмекші болып жұмыс атқарды. Отбасында 4 бала тәрбиелеген.

Тұңғыш баласы – Темірбаев Бибіш зейнет жасында, Екінші баласы – Темірбаев Мәжит «Теміржол» саласында, Үшінші баласы –Темірбаева Бибігүл балабақшада, Төртінші баласы –Темірбаев Сөртібай Қызылжар ЖББ мектебінде шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс атқарады. Қазіргі таңда Қызылжар кентінде кенже баласының қолында.