Төлегенов Көлзақ

Төлегенов Көлзақ 1934 жылы 1 қаңтарда Жаңаарқа ауданына қарасты Ленин ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.Ұлы Отан соғысы жылдарында ауылда қалған азаматтармен егінде жер жыртысып,қырманда жұмыс істеген.Ескене ауылында отбасын құрып,1957 жылы Ақтау ауылына көшіп келген.Жұбайы Әбілжанова Қамаш екеуі 1958 жылдан-1980 жылдар аралығында ауыл кеңшарларының малын баққан.Екеуі жеті бала тәрбиелеп өсірген.1985 жылы Төлегенов Көлзақ совхоз сиырын бағып,әйелі сауыншы болып жұмыс жасаған.Жұбайы Әбілжанова Қамаш 1990 жылы қайтыс болып,барлық балаларын оқытып,өсіріп жеткізген.Осы балаларынан 23 немере,16 шөбере сүйіп отыр.