Торғаев Несіпбек

        Торғаев Несіпбек 1932 жылы, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ.  Әкесі Смақов Торғай, анасы Тәңірберген қызы Айша. Ата-анасы қарапайым еңбек адамдары.  «Қаражартаста» төрт жылдық білім алды. Балалық шағы Қазақстанды жайлаған ашаршылық кезеңімен тұспа-тұс келіп, бар қиыншылық буыны қатпаған бала болсада, мал айдап, өгізге соқа жегіп, жер жыртты.

     Соңынан ерген жалғыз бауыры – Торғаев Рахман.

Тоғыз жасқа келгенде, Ұлы Отан соғысы басталды. Елдегі естияр ер-азаматтардың барлығы Отанды қорғауға, соғысқа аттанды.

  Ауылда шеттей бала-шаға мен әйел азаматшалар қалды.

Соғыс басталған бетте, әкесі Торғай еңбек Армиясына, Омбы қаласына кетті. Үйде денсаулығы нашар анасы мен бес жасар бауыры Рахман қалды. Отбасын асырап-бағу ауыртпалығы тағы да тоғыз жасар Несіпбек атаға қалды.

     Соғыстан кейінгі жылдар да өте ауыр қиын кезең болды. 1951 жылы 19 жасқа толған кезде, Москваға Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанды. Үш жылдық әскери борышын өтеп, қайтып келгеннен кейін, кеңшар басшысы Сейтмағанбетов Жетімектің тапсырмасымен тракторлық курсқа оқуға барды. Курсты ойдағыдай тәмәмдап,1993жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін,Жеңіс совхозында шофер болып, халқына адал қызмет жасап, еңбек етті. Ашықбаева Тәжібаламен отау құрып, он баланы дүниеге әкелді.

Ашықбаева Тәжібала батыр ана.  Балаларының алды студент болып, соңы 1,5 жасқа жеткенде жары, анасы бірінен кейін бірі өмірден озды. Тағы да өмірдің тауқыметімен бетпе-бет қалды. Бірақ, еш мойымады. Он баланы оқытып, үйлі – күйлі қылып, әрқайсысын жеке-жеке бір-бір шаңырақ етті. Төрт ұл, алты қызды тәрбиелеп, оқытты.Қазіргі таңда  әрқайсысы бір-бір шаңырақ иесі болып отыр. Бүгінде жасы 93-ке қараған ақсақал.

     Осы ұрпақтарынан 29 немере, 36 шөбере сүйіп отырған абыз-Ата.

Несіпбек атаның алған марапаттары: 1. «1941-1945 жж» Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл медалі 2010 28 сәуір ҚР Президенті атынан

2. «Құрмет Грамотасы» Жаңаарқа ауданы әкімі К. Қожықаев атынан

3. «75 лет победы в великой отечественной войне 1941-1945 г.г.» От имени Президента Россиской Федерации медаль.

4. «70 лет Победы Великой Отечественной войне 1941 – 1945 г.г.» мерекелік медалі ҚР Президенті атынан.

5. ҚР «Ауылшаруашылығы ардагерлер Кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің Құрметті ардагер №631 куәлігі

6. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі ҚР Президенті атынан марапатталған.