Үкібаева Қарашаш

Үкібаева Қарашаш 1930 жылы 1 қаңтарда Ералиев ауылында дүниеге келді. Әкемнің аты Үкібай, анамның аты Нағима. Менің балалық шағым Ералиев ауылыныда өтті. Біз  бес ағайындымыз. Мені анам мектепке бермеген екен. 1941 жылы әкем Үкібай соғысқа кетіп, содан оралмады. Өзім үйдің үлкені болған соң анама қолғабысымды тигізіп жүрдім. Алдыма отар-отар қой беріп соны бақтым. 13 жасымда сауыншы болып сиыр саудым. Аш болдық, бірде тоқ болдық. Сөйтіп жүргенде мені 18 жасымда 40 жастағы ер азаматқа тұрмысқа берді. Күйеуімнің аты Нұғыманов Нұрсейіт, аралары 1 жастан 7 ұл, 4 қыз баланы дүниеге әкелдік. Жол бойында ДЭУ де жұмыс істедім. Бір шеті Жаңаарқа, Жезқазған жолдарын салдық. Балаларым ержетіп, әрқайсысы үйлі болып барлығы біртөбе болды. ДЭУ де 40 жыл жұмыс істеп, зейнетке шықтым. Қазір соның зейнетін көріп отырмын. Аллаға шүкір 32 немере, 30 шөберем бар. Алтын алқа иегерімін. Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Тыл» төсбелгісімен марапатталдым.