Жамбекова Мағрипа

Жамбекова Мағрипа 1935 жылы Алматы облысы, Жетіқоңыр деген жерде дүниеге келген. Мектепті 1955 жылы бітіріп, Алматы қыздар институтына түседі. 1960 жылы институтты бітіріп, ауылға келеді. Карл Маркс совхозында мұғалім болып қызмет атқарады. 1966 жылы Байғұл ауылының мектебінде, 1967 жылы Ынтымақ ауылдық мектебінде 5 жыл мұғалім болып қызмет атқарады. 1983 жылы Жомар елді мекеніне кейін Жеңіс елді мекеніне қоныс аударды. 1962 жылы Хасенов Бергенмен отау құрып, 4 қыз, 3 ұл тәрбиелеп өсіріп, оқытып, ұлды ұяға, қызды қияға қондырады. Берген ақсақал досқа адал, бауырға қамқор, балаға мейірімді, немерелеріне үлгі, жарға жақсы жолдас бола білді. 2019 жылдың тамыз айында дүниеден өтті. Қәзіргі таңда Мағрипа анамыз 90 жасқа келіп, 24 немере, 30 шөбере сүйіп отырған абыз – ана.