Жаролла Сатанұлы

     Жаролла  Сатанұлы 1937 жылы Жаңаарқа ауданы «Өркендеу» колхозында дүниеге келген. Жаролла кішкентай кезінен бастап қазақтың қасиетті домбырасын қолына ұстап, ауылдың тойларына барып, үлкендер арасында ән айтып, көзге ерте түсе бастаған өнер иесі. 1949 жылдан бастап аудан орталығында драма үйірмесі құрыла бастағанда Жаролла Шайхин өзінің образ сомдауда домбырады ән айтуда ерен талантының арқасында ұйымдастырушылар қатарында халық ықыласына бөлене білді. Драма үйірмесі драма театрға айналып, арнайы режиссерлер шақырылып,ұжым арнайы қойылған спектаклдермен облыс, республика өңірлерін аралай бастады байқауларға қатысты. Қойылатын әрбір спектаклдің басты образдарын сомдау  көбінесе Жароллаға жүктеліп, сол өзі сомдаған  образдарының  шынайлығымен халық ықыласына  бөленіп жүрді. Сол  кездерде  КСРО бойынша 15 одақтас республикалар арасында «Бүкілодақтың, «Жігер» фестивалі өткізіліп жатты. Драма,  ән  жырдан облыстық,одан  озғандары республикалық,одан озғандары Бүкілодақтың байқауларда бақ сынасты. Сол байқауларда Жаролла Шайхин топ жарып арнайы марапттарға ие болып жүрді. Бүкілодақтың байқаудың лауреаты медалін тағып қайтты. 

Шайхин  Жаролла   1957 жылы  Қарағанды қаласында өткен Бүкілодақтық жастар фестивалінің лауреаты атанған. Осы жылдан бастап мәдениет бөлімінің автоклуб жүргізушісі болған.

Жаролла табиғат берген тенор дауысты дүлдүл әнші, оның көптеген әндері Қазақ радиосының  алтын қорына жазылып,  «Шалқар» бағдарламасынан жиі – жиі беріліп тұрады.

1986 жылы өнерпаздың есімі Қазақ КСРО – нің алтын кітабына жазылды, ол бірнеше рет қатарынан облыстық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы, лауреаты атанған.

1991 жылы Жаңаарқа өнерпаздары республикалық өнер ұжымдарының  арасында үздік шығып, Қазақстанның атынан  Курск қаласында Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» спектаклін қойып Жаролла Шайхин онда Шегенің рөлін шебер орындап қана қоймай,қазақтың дүлдүл әншілері Бибігүл Төлегенова,Ермек Серкебаевтармен үзеңгілес қазақтың халық әндерімен халық композиторларының әнін шырқап халық ықыласына бөленді.

    Жаролла  Сатанұлы сонымен бірге аудандық халық  театрының тамаша, көрнекті актері болды. Ол отызға тарта спектакльдерде: «Қыз Жібекте»- Шегенің, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуда»- Қозының, «Жаяу Мұса» -Жаяу Мұсаның,  «Абайда» - Мағауияның, «Жаралы гүлдерде» - Бақыттың, 

«Әпкеде»- Атаның  күрделі образдарын сомдаған. 1991 жылы Ресейдің Курск қаласында өткен халық театры байқауында лауреат атағын алған.